Қазақстанда картоп бағасы шарықтап кетті: заңбұзушылық анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда картоп бағасы шарықтап кетті: заңбұзушылық анықталды Фото:depositphotos.com

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі өңірлердегі картоп бағасының өсуіне қатысы бар сауда делдалдарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі өңірлердегі картоп бағасының өсуіне қатысы бар сауда делдалдарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрлігі мәліметінше, жыл басынан сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заңбұзушылық анықталған. Анықталған барлық деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданатыны айтылды.

Министрлік бүгінде Астанадағы сауда желілерінде картоптың орташа бағасы 280-185 теңгеге дейін төмендегенін хабарлады.

Сауда комитетінің мониторингі бойынша, бүгінде Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы 322 теңге.

"Әлеуметтік дүкендер мен ӘКК серіктестерінде – елдің барлық аймақтарында картоптың көлемі жеткілікті және нарықтағы бағадан төмен сатылып жатыр", - делінген хабарламада.

Аймақтардың тұрақтандыру қорларында жинақталған картопты сату жалғасып жатыр. 2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін жалпы көлемі 85,4 мың тоннаны құрайтын картоптың 23,6 мың тоннасы сатылған. Соңғы 3 күнде шамамен 3 мың тонна картоп сатылды, оның ішінде Алматы қаласында – 300 тонна, Шымкентте – 600 тонна, Түркістан облысында – 300 тонна және т.б. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорларында 62 мың тонна картоп бар.

Аталған шаралар ішкі нарықтағы бағаның төмендеуіне ықпал етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети