Қазақстанда картоп бойынша деректерде сәйкессіздіктер анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда картоп бойынша деректерде сәйкессіздіктер анықталды. Бұл туралы үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелеріне арналған отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда картоп бойынша деректерде сәйкессіздіктер анықталды. Бұл туралы үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелеріне арналған отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,2 пайыз болған, бұл 2025 жылдың басынан бергі ең төмен көрсеткіш. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасының орташа өсімі 3,4 пайыз болғанын, бірақ наурыздың басынан бастап бағаның өсу динамикасы 0,4 пайызға бәсеңдегенін атап өтті. Биылғы жылдың басынан бері ең жоғары баға өсімі картопқа (+19,3 пайыз), қырыққабатқа (+23,2 пайыз) және сиыр етіне (+9,0 пайыз) тиесілі. Сонымен қатар күріштің (-3,4 пайыз), жұмыртқаның (-2,1 пайыз) және ұнның (-0,3 пайыз) бағасы төмендегені байқалды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлердегі көкөніс қорларының босатылу барысы туралы хабарлады. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 12 наурыздағы жағдай бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) тұрақтандыру қорлары үшін келісімшарт жасаған картоп қоры 41,3 мың тонна болады. Алайда кейбір өңірлерде жүргізілген тексеру нәтижесінде мәлімделген көлем мен картоптың нақты қоры арасында айтарлықтай айырмашылық бар екені анықталды.

"Маңғыстау облысында мәлімделген ӘКК-нің 2,5 мың тоннадан астамының тек 25 тоннасы ғана нақты расталды. Шығыс Қазақстан облысында мәлімделген ӘКК-нің 1,6 мың тоннадан астамының тек 35 тоннасы ғана болған. Атырау облысында мәлімделгені – 394 тонна, расталғаны – 110 тонна.

Абай облысында мәлімделгені 2,2 мың тоннадан астам, расталғаны 183 тонна. Жамбыл облысында мәлімделгені 2,6 мың тоннадан астам, тексеру нәтижесінде бар болғаны 308 тонна расталды. Ұлытау облысында ӘКК 1,8 мың тоннадан астам деп мәлімдегеннің нақты 827 тоннасы болған. Батыс Қазақстан облысында ӘКК мәлімдеген 2,3 мың тоннадан астамының 1,3 мың тоннасы расталды".

Анықталған кемшіліктер негізінде вице-премьер облыс әкімдерінің орынбасарларына картоп қорларының дұрыс бақыланбауына байланысты сөгіс жариялады. Серік Жұманғарин Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдағанын атап өтті. Мәселен, асыл тұқымды малдарды экспорттауға тыйым салынды, картопты үшінші елдерге экспорттауға алты айға шектеу енгізілді, импорттық тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым енгізіледі. Дегенмен, жергілікті атқарушы орган тарапынан тиісті бақылау болмаса, қабылданған шаралардың нәтижелері тиісті әсер бермейді.

Қазіргі уақытта Қазақстанға Пәкістан мен Қытайдан арзан бағадағы импорттық картоп жеткізу бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде Сауда комитеті экономикалық оператормен бірге 4000 тонна астам картоп импортталды, тағы 700 тонна жолда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro