Қазақстанда Kcell және Activ абоненттері желідегі ақауға шағымданып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Kcell және Activ абоненттері желідегі ақауға шағымданып жатыр Фото:depositphotos.com

Kcell және Activ пайдаланушылары оператор жұмысындағы ақауға шағымданды. Қазақстандықтардың айтуынша, екі сағаттан аса уақыт бойы байланыс пен мобильді интернет істемей қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kcell және Activ пайдаланушылары оператор жұмысындағы ақауға шағымданды. Қазақстандықтардың айтуынша, екі сағаттан аса уақыт бойы байланыс пен мобильді интернет істемей қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар ақаулар туралы жазып жатыр:

"Интернет жұмыс істемейді, мүлде жоқ, байланыс жоғалды, бұл қалай? Оның үстіне тарифке қыруар ақша төлеймін..."

"Менікі де істемейді, бәрін істедім – қайта жүктедім, симканы да шығарып салдым, өшірдім, мүлдем байланыс жоқ!!! Ешқандай".

"Call-орталыққа да хабарласа алмайсың. Бұл не өзі, аз ақша төлемейміз ғой – ескерту де жоқ, ештеңе жоқ, Wi-Fi-сыз қалай жүресің? Төлем де жасай алмайсың".

Kcell және Activ не дейді?

Ұялы байланыс операторының баспасөз қызметі ақау туралы ақпаратты растады және себептері анықталып жатқанын хабарлады.

"Өкінішке қарай, қазіргі уақытта кейбір абоненттер мобильді интернетке қосыла алмауы мүмкін. Біздің техникалық мамандар мән-жайды анықтап жатыр және қалыптасқан жағдайды жедел шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз", – деді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети