08 желтоқсан 2016 | 18:58

Қазақстанда кеден бекеттері жылдам жұмыс істей бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Информ-Вест © Информ-Вест

Қазақстанда кеден бекеттері жылдам жұмыс істей бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда кеден бекеттері жылдам жұмыс істей бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін жоғарылату туралы жазды. Оның айтуынща, қазіргі уақытта дүниежүзілік сауданы оңайлату және жеңілдету бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. "Қабылданып жатқан жаңа ЕЭО кодексінде кедендік рәсімдеуді жеделдету бөлігіне қатысты көптеген жаңашылдықтар бар. Осыған байланысты шекарадан өту технологиясын қайта құру қажеттілігі туындайды", - деп жазды ол.

Қазіргі уақытта Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін жоғарылату, СЭҚ қатысушылар үшін қолайлы жағдай туғызу, жемқорлық құқық бұзушылықты жоятын, сондай-ақ, кедендік және салық төлемдерінің толық алынуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа шешім әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК "Кеден бекеттерін жаңғырту" тақырыбы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ МКК Басқарма басшысы Қайрат Маубаев айтқан.

"Өткізу пункттерін жетілдіру шеңберінде шекара арқылы тауарлардың және көлік құралдарының жедел өткізу үшін "эталондық" өткізу пунктінің типтік жобасы әзірленді. Өткізу пункттерін жаңарту интеграциялық бақылау жүйесін, "эталондық" өткізу пунктінің типтік жобасы негізінде өткізу пункттерінен өту процессін технологиялық қайта құруды болжайды", - делінген комитеттің ресми өкілінің жазбасында.

Сондай-ақ, жасалынып отырған шаралардың тауарлардың және көлік құралдарының өту уақытын 25 минутқа жеделдететіні және өткізу пунктінің өткізу қабілеттігін жоғарылататыны айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети