Қазақстанда әлі де кеңестік төлқұжатпен жүргендер бар, - деп хабарлайды TengrinewsTV БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасына сілтеме жасап. Орталық Азияда азаматтығы жоқ 30 мыңнан аса адам бар, олардың 7 мыңы Қазақстанда тұрады.

Құқыққорғаушылардың айтуынша, бұл цифлар шамалап алынған. Қазақстанда тұратын мұндай адамдардың қатары 20-дан 50 мыңға дейін болуы мүмкін. Олардың көпшілігінде жеке куәлік мүлдем жоқ немесе олар әлі күнге кеңестік төлқұжатты қолданады. Қолында ұлттық тәнділік туралы құжаты жоқ адамдар мемлекет тарапынан берілетін құқық пен көрсетілетін қызметтерден қағылады. Мысалы, олар білім алу мен медициналық қызметке жүгіне алмайды.
Айта кетейік, азаматтығы жоқ адамдардың басым бөлігі Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында тұрады. Олардың 60 пайызы - Қазақстанда туылғандар. Ал бүкіл жер бетінде 10 миллионға жуық адамның азаматтығы жоқ. Сол үшін БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы алдағы онжылдықта азаматтығы жоқ адамдарды болдырмау үшін арнайы халықаралық кампанияны қолға алды.