10 сәуір 2020 | 16:40

Қазақстанда кей кәсіпорындар төтенше жағдай режиміне қарамастан жұмыс істей алады

Қазақстанда төтенше жағдай мен карантин режимінің ұзаруына қарамастан, кей кәсіпорындар біртіндеп жұмысқа оралатын болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда төтенше жағдай мен карантин режимінің ұзаруына қарамастан, кей кәсіпорындар біртіндеп жұмысқа оралатын болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Бұл жағдайда орталық бағыныстағы аймақтар мен қалалар басшыларының жауапкершілігі бірнеше есе артады. Өйткені, біз тәуекелге барамыз. Бірақ басқа амалымыз жоқ. Студенттер, мектеп, балабақша оқушыларын қашықтан оқытуға қатысты азаматтардың карантинді сақтауы - осының барлығы өз күшінде қалады. Қоғамдық орындарды дезинфекциялау қажет. Бірақ кәсіпорындарды біртіндеп жұмыс режиміне шығаратын боламыз", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Президенттің ТЖ режиміне қатысты жиында сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды

Президент әкімдіктер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді, жұмыс орындарында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар тізімін дайындауы керегін айтты.

"Өңірлердің дағдарысқа қарсы штабтары осындай жұмыс орындарын тексеруді қамтамасыз етеді. Штабтар кәсіпорындардың жұмыс режимін, қызметкерлерді жұмыс орындарына жеткізу тәртібін және басқа да ұйымдастыру-техникалық мәселелерді анықтайды. Осының негізінде мемлекеттік комиссия тиісті кәсіпорындардың қызметін қайта жаңғырту туралы шешім қабылдай алады", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная