10 сәуір 2020 15:52

Президенттің ТЖ режиміне қатысты жиында сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Құрметті комиссия мүшелері және жиынға қатысушылар!

Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысына жиналып отырмыз.

Біз коронавирустың таралуын барынша бәсеңдету үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдадық.

Мен 15 наурызда алғашқы науқастар белгілі болған сәттен бастап төтенше жағдай жарияладым.

Бірден екі ірі қаламызда карантин режимі енгізілді.

Шын мәнінде, қазір – бүкіл әлем жұртшылығы үшін сын-қатерге толы уақыт.

Осындай күрделі кезеңде Елбасымыз арнайы мақала жариялады.

Бұл – халқымыздың еңсесін көтеретін өте мазмұнды, маңызды үндеу.

Береке-бірліктің арқасында Қазақстан бұл індетті артқа тастап, зор сеніммен алға басатыны айқын.

Бүгінде біз уақытында жүзеге асқан шұғыл шаралардың арқасында індеттің кең таралуына жол бермедік.

Мұны халықаралық қоғамдастық оң бағалап отыр.

Тұрғындарға және бизнеске қолдау көрсету мақсатында дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдадық.

Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді.

Көптеген мемлекеттер халқына осындай қолдау көрсете алған жоқ.

Үкімет сол қаражаттың сапалы әрі мақсатқа сай жұмсалуын қадағалауы тиіс.

Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді.

Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс.

Сондықтан, Үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет.

Құрметті әріптестер!

Коронавирус пандемиясының зардабын бүкіл дүние жүзі тартып отыр. Бұл індет біздің еліміздің экономикасына да теріс ықпалын тигізуде. Сондықтан, қазіргі таңда осы дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылдап отырмыз.

Жалпы, бүкіл әлем коронавирусқа қарсы күн сайын емес, сағат сайын күрес жүргізіп жатыр. Әлем жұртшылығы айтып отырғандай, бұл дағдарыс – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болып тұрған ең ауқымды және аса қауіпті алапат.

Мен өз сөзімде айтып өттім. Біз карантин шараларының арқасында вирустың жаппай таралуын бәсеңдеттік.

Тұтастай алғанда, жағдай бақылауда.

Елорда мен Алматыдағы қазіргі жағдай тұрақты.

Бірақ, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында ауруға шалдыққандардың саны күрт өсіп кетті.

Бұл атқарылған жұмыстардың жеткіліксіздігін және қосымша шаралар қабылдау қажет екенін көрсетеді.

Оңтүстік – халық тығыз орналасқан өңір. Сондықтан, індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз. 

Оған қоса, көктемгі егіс науқаны басталды. "Жұмыспен қамту жол картасы" бойынша бірқатар жобалар қолға алынады. Осындай уақытта елдегі эпидемиологиялық ахуалға айрықша назар аударуымыз керек. Бұл – аса маңызды міндет.

Мемлекеттік комиссия аймақтардағы карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуға тиіс.

Бұл ретте, полиция мен мемлекеттік органдардың іс-қимылдары тек қатаң шаралар түрінде емес, орынды әрі ақылға қонымды болуы қажет. Жөнсіз әрекеттерге жол берілмеуі тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин режимі ұзарды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети