Қазақстанда кейбір ағаш түрлерін экспорттауға тыйым салынады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кейбір ағаш түрлерін экспорттауға тыйым салынады elements.envato.com

Үкімет кейбір ағаш түрлерін елден шығаруға алты ай мөлшерінде тыйым салды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың басшылығымен өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ресейлік ағаштың рұқсатсыз қайта экспортталуын болдырмау, отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін қай елде шығарылғанына қарамастан, кейбір ағаш түрлерін 6 айға дейін ел аумағынан әкетуге тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, экспортқа мораторийді алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін әр 6 ай сайын шектеулерді автоматты түрде ұзарту туралы ұсынысты мақұлдады. Күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын шығаруға квотаны ұлғайту қажеттігі мен табиғи уран, оның қосылыстарына экспорттық кедендік баж салығын енгізу мәселелері талқыланды. Ә.Смайылов тұқым өндірушілердің мүдделерін ескеріп, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квотаның тиімді көлемін анықтау және өнім бағасының өсуіне жол бермеу керек екенін баса айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети