Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Құжатта бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапкершілік және жауапкершілікті күшейту қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Құжатта бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапкершілік және жауапкершілікті күшейту қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әзірлеушілердің айтуынша, әйелдердің құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түріне қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды көздейді.
Атап айтқанда, түзетулер қылмыстық жауапкершілікті енгізеді және мына баптар бойынша жазаларды қатаңдатады:
- денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – 200 АЕК (2024 жылы 738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу;
- ұрып-соғу – 80 АЕК (2024 жылы 295 360 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 25 тәулікке дейін қамауға алу;
- қинау - 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
- денсаулыққа ауыр зиян келтiру – 3 жылдан 8 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға;
- денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiру – 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру;
- педофилия – өмір бойына бас бостандығынан айыру;
- кәмелетке толмаған адамды өлтіру – өмір бойына бас бостандығынан айыру;
- өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу;
- кәмелетке толмаған адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу – 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға;
- өзін-өзі өлтіруді насихаттау – 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу (2024 жылы 738 400 теңге).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!