Қазақстанда кейбір тауарларды интернетте сатуға тыйым салынды: тізім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кейбір тауарларды интернетте сатуға тыйым салынды: тізім Фото:depositphotos.com

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі электрондық сауда алаңдарында сатуға тыйым салынған және шектелген тауарлар тізбесін жасады. Құжат Қазақстанда айналымына тыйым салынған немесе шектеу қойылған, соның ішінде маркетплейстер арқылы сатуға болмайтын тауарлар туралы мәліметтерді біріктіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.


Ведомство мәліметінше, тізбені жариялау электрондық сауданың ашықтығын арттыруға бағытталған: құжат электрондық сауда алаңдарының иелеріне, интернет-дүкендерге, сатушыларға және электрондық сауданың басқа да қатысушыларына қолданыстағы шектеулер туралы жедел ақпарат алуға және тауарларды орналастыру мен сату кезінде заңнама талаптарын ескеруге мүмкіндік береді.

Бұл ретте ведомство тізбе ақпараттық-анықтамалық сипатта болатынын және заңнаманың қолданыстағы талаптарын жүйелейтінін атап өтті.

Тізбеге қару түрлері, темекі және темекі бұйымдары (оның ішінде шегілмейтін түрлері), этил спирті мен алкоголь өнімі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, сондай-ақ тауарлардың басқа да түрлері кірді. Толық тізімді мына сілтеме арқылы көруге болады.

"Сауда және интеграция министрлігі заңнамаға өзгерістер енгізілуіне және мүдделі мемлекеттік органдардан тиісті ақпараттың түсуіне қарай тізбені тұрақты негізде жаңартып отырады", - деп толықтырды Сауда министрлігі.

Тағы оқыңыз: Temu мен AliExpress-тен сатып алудың жаңа ережесі: маңызды мәлімдеме

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +28
Ақтау +29
Ақтөбе +30
Атырау +24
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +28
П
Павлодар +31
Петропавл +26
С
Семей +28
Т
Талдықорған +33
Тараз +36
Түркістан +30
О
Орал +24
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер