Қазақстанда кейбір тауарларға бірден екі баға көрсетілуі мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кейбір тауарларға бірден екі баға көрсетілуі мүмкін Фото:depositphotos.com

Қазақстанда дүкендерді бір тауарға екі баға көрсетуге міндеттеуі мүмкін: бөліп төлеу арқылы сатып алғанда және бірден төлеген жағдайда. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дүкендерді бір тауарға екі баға көрсетуге міндеттеуі мүмкін: бөліп төлеу арқылы сатып алғанда және бірден төлеген жағдайда. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Әбілқасымова екі бағалық көрсеткіш идеясын "агенттік қолдайтынын" айтты.

"Біз тауарлық желілер банктер арқылы рәсімделетін бөліп төлеуді ұсынатынын көріп отырмыз, сондықтан артық пайыз қосылмауы маңызды", – деді ол.

Агенттік төрайымының айтуынша, тауарлық кредит кәдімгі кредит ретінде қарастырылып, қарыз алушыны ақпараттандырудың барлық талабына сай болуы тиіс.

"Қарыз алушы тауарды немесе бөліп төлеуді рәсімдегенде қанша артық төлейтінін білуі керек. Егер тауар қолма-қол ақшаға алынса – бір баға, егер бөліп төленсе – басқа баға. Сатып алушы кредит рәсімдеген кезде тауардың құнына қандай үстеме қосылатынын түсінуі қажет", – деп толықтырды ол.

Мәдина Әбілқасымова бұл бастаманың тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталғанын ерекше атап өтті.

"Бұл жұмысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Ұлттық банк және Сауда министрлігімен бірлесіп жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Біздің ойымызша, тауарда кем дегенде екі баға көрсетілуі тиіс", – деді ҚНРДА төрайымы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети