Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды? © Тұрар Қазанғапов

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 217 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 217 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 694 476-ға жетті", - делінген хабарда.

Оның ішінде:

  •  Нұр-Сұлтан қаласында - 943,
  •  Алматы қаласында - 1503,
  •  Шымкент қаласында - 560,
  •  Ақмола облысында - 283,
  •  Ақтөбе облысында - 336,
  •  Алматы облысында - 370,
  •  Атырау облысында - 526,
  •  Шығыс Қазақстан облысында - 266,
  •  Жамбыл облысында - 177,
  •  Батыс Қазақстан облысында - 75,
  •  Қарағанды облысында - 1003,
  •  Қостанай облысында - 289,
  •  Қызылорда облысында - 166,
  •  Маңғыстау облысында - 143,
  •  Павлодар облысында - 311,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында - 163,
  •  Түркістан облысында - 103.

Қазақстанда 5 421 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 1107,
  • Алматы қаласында - 1258,
  • Шымкент қаласында - 581,
  • Ақмола облысында - 268,
  • Ақтөбе облысында - 13,
  • Алматы облысында - 252,
  • Атырау облысында - 235,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 63,
  • Жамбыл облысында - 75,
  • Батыс Қазақстан облысында - 48,
  • Қарағанды облысында - 980,
  • Қостанай облысында - 10,
  • Қызылорда облысында - 168,
  • Маңғыстау облысында - 40,
  • Павлодар облысында - 107,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 116,
  • Түркістан облысында - 100.

Елімізде барлығы 572 034 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Вакцинаға келсек, 2021 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 092 882 адам, 2-компонентін 4 717 883 адам салдырды.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 16 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
  • "Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети