Қазақстанда киіктер тағы да қырылады деген қауіп бар

19 Қазан 2015, 15:38
0
Қазақстанда киіктер тағы да қырылады деген қауіп бар - © wikipedia.org
© wikipedia.org

Қазақстанда киіктер тағы да қырылады деген қауіп бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл пікір бүгін Астанада "Өткен жылдың көктемінде киіктердің жаппай қырылуының бірінші себептері қандай?" деген тақырыпта өткен жұмыс тобының отырысында айтылды. Осыған дейін жұмыс тобының мамандары Бетпақдаладағы киіктердің популциясының себебі деп пастерелез қоздыруын айтып еді, алайда бұл аурудың таралу себебі анықталмаған болатын. 

"ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлардың қырылуы туралы негізгі мәліметтердің жоқтығына және киіктердің ауруының алдын алу туралы шаралар жайлы ғылыми нұсқаулықтардың жоқтығына бірнеше рет алаңдаушылық білдірген еді. Осыған байланысты, жапай қырылудың бірінші себептерінің анықталмаған жағдайында, сонымен қатар ғылыми нұсқаулықтардың жоқтығына байланысты киіктердің жаппай қырылуының қайталану қаупі бар", - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, өткен жылдың маусымында киіктердің қырылуы дерегі бойынша Қазақстан үкіметінің жиыны болған еді. Онда қазақстандық мамандардың қырылған жануарлардың сынамасынан пастереллезді тапқан болатын. 2 маусым жағдайында Бетпақдала популяциясының 132 329 киігінің көзі жойылды, оның ішінде Қостанай облысында - 113 309, Ақмола облысынла - 9386, Ақтөбе облысында - 9634.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай