16 сәуір 2021 10:37

Қазақстанда киім бағасы бір жылда қаншаға өсті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Pixabay.com Иллюстрациялық фото: Pixabay.com

Қазақстанда киім қымбаттады, әсіресе ерлер киімінің бағасы көтерілді. Бұл туралы Еnergyprom.kz сарапшылары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда киім қымбаттады, әсіресе ерлер киімінің бағасы көтерілді. Бұл туралы Еnergyprom.kz сарапшылары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Наурыздың қорытындысы бойынша, сыртқы киім бағасы бір жылда 4,9 пайызға және бір айда 0,3 пайызға өсті. Оның ішінде ерлер киімі бес пайызға, әйелдер киімі 4,9 пайызға, балалар киімі 4,5 пайызға қымбаттады", - деп жазады сарапшылар.

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында еліміздегі компаниялар жеті миллиард теңгеге киім-кешек өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,1 пайызға көп. Өңірлер бойынша киім өндірісінен Алматы облысы жетекші. Көшбасшылар үштігіне Алматы мен Қарағанды облысы кіреді.

Алайда Қазақстанда өндірілген киімге сенім артудың қажеті жоқ екені айтылды, себебі нарық толығымен импорттаушыларға тиесілі.

"Қазақстандықтар жергілікті киімге үміт арта алмайды. Мысалы, биыл қаңтарда, трикотаж сырт киім өндірісі өскеніне қарамастан, жергілікті компаниялар сұранысты 0,6 пайызға ғана қамтамасыз ете алды. Импорт үлесі тиісінше 99,4 пайыз. Елге 934,8 мың өнім әкелінді - бұл 11,8 пайызға көп. Свитер мен жемпір (сұраныстың 1,3 пайызы) және шұлық (3,9 пайыз) былтырға қарағанда сұранысты көбірек өтеп отыр", - дейді олар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети