Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов Ashyq жобасы туралы жаңа қаулы шығарды. Оған үш кезең ішінде кинотеатрлар, театрлар, караоке, концерт залдары және басқа да бірқатар мекеме кіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаулыда бірінші кезеңде 14 сәуірден бастап жобаға мына мекемелер қатыса алатыны айтылған:
1) кинотеатрлар;
2) театрлар және филармониялар;
3) банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
4) ерікті қатысушылар;
Екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:
1) облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;
2) бильярд клубтары;
3) концерт залдары;
Үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:
1) караоке;
2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).
Айта кетейік, Ashyq - қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы COVID-19-ды бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.
"Қызыл" түс адам ПТР-тест тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесі үйде оқшаулану режимін қатаң ұстануы керек.
"Сары" түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.
"Көк" түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.
"Жасыл" түс - жүріп-тұруға толығымен рұқсат береді.
QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Бір нысанға кіреберісте және шығаберісте ең кемі екі QR-код беріледі. Мекемеде бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберісте жеке QR-код болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!