20 ақпан 2019 | 10:08

Қазақстанда қияр мен қызанақ айтарлықтай қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда қияр мен қызанақ бағасы шарықтап кетті, - деп хабарлайды Energyprom.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қияр мен қызанақ бағасы шарықтап кетті, - деп хабарлайды Energyprom.

2019 жылы қаңтарда маусымдық емес жаңа көкөністерге - қияр (бір айда+20,4 пайыз) және қызанақ (+17,3 пайыз) бағасы айтарлықтай өсті. Сондай-ақ, қырыққабат (+4,8 пайыз), сарымсақ (+4,4 пайыз) және пияз (шамамен +3 пайыз) бағалары да өсті. "Қысқы" ұзақ сақталатын көкөністер - картоп, сәбіз, үрме бұршақ бағасы бір айда 1 пайызға өсті. Тек қызылша бағасы төмендеді. Жеміс - жидектер арасында банан - бір айда 2,9 пайызға қымбаттады, ал алма мен лимонның бір айда 1 пайызға арзандады. 

Мал өнімдері бір айда бағасы өзгерген жоқ. Биыл ақпанда құс фермаларының өнімдерінің бағасы 2 пайызға өсті. Сүт өнімдерінің бағасы бір айда 1 пайызға төмендеді. Мұндай көрсеткіш ет пен балық өнімдерінен де байқалады.

Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша жарманың бағасы бір айда 2 пайызға, ал макарон өнімдерінің бағасы 1,5 пайызға төмендеді. Нан өнімдері мен бұршақтар сегментінде тек жоғары сұрыпты бидай наны (бір айға+0,9 пайыз) бағада аз ғана өсті, басқа өнімдер арзандаған. Сондай-ақ, ұн бағасы 1 пайызға төмендеді. 

Бір айда бакалея өнімдерінен маргарин 1 пайызға қымбаттады, ал қант керісінше, 1 пайызға арзандады. Сусындар арасында бағаның айтарлықтай ауытқуы байқалмады: арақ айына 0,8 пайыз, ауыз су - тек 0,3 пайызға қымбаттаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети