Қазақстанда ҚҚС төлеуден кімдер босатылмақ?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ҚҚС төлеуден кімдер босатылмақ? Фото:depositphotos.com

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін 16 пайызға дейін көтеру және саралау бюджеттің құбылмалы мұнай кірісіне тәуелділігін азайтуға, сондай-ақ, Ұлттық қордың жинақ функциясын күшейтуге, басымдығы жоғары мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Ведомство басшысының сөзінше, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылып отыр.

"Қазір шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді. Біз оны сақтаймыз. Заңды тұлғалар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-тың 30 пайызын төлейді. Енді олар төлемейді. Осылайша, Қазақстанда өндірілген барлық өнім (картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат және т.б.) бәсекеге қабілетті болады.

Денсаулық сақтау саласы үшін 10 пайыз төмендетілген мөлшерлеме ұсынамыз. Бұл тағы кімге әсер етеді? Мұны қосымша талқылау қажет. Тағы қандай қызмет түрлері бар - барлық ұсынысты жинаймыз, есептейміз, сарапшылармен және бизнес өкілдерімен бірлесіп шешеміз", - деп түсіндірді Жұманғарин.

Министрдің сөзінше, мөлшерлеме көп болған кезде есепке алу, декларация жасау күрделене түседі.

"Бұған жол бермеу үшін былай ұсынып отырмыз: 16 пайыз, 10 пайыз, 0 пайыз және босату. Бүгінде кәсіпорындардың тек 4 пайызы ҚҚС төлейді. Көптеген компания салықтан жалтарады... Бұл салық жүйесін бұзады және ҚҚС-тың есебіне кедергі келтіреді. Сондықтан есепке қою шегін 80 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге дейін төмендету ұсынылады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети