Қазақстанда қоғамдық орында былапыт сөз айтқандарға салынатын айыппұл ұлғайды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда қоғамдық орында былапыт сөз айтқандардың әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылып, айыппұл не қамауға алу түрінде жаза көбеюі мүмкін. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Азамат Күрімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қоғамдық орында былапыт сөз айтқандардың әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылып, айыппұл не қамауға алу түрінде жаза көбеюі мүмкін. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Азамат Күрімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің жаңа редакциясында қоғамдық орындарда былапыт сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау және оларға қысым көрсету, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға құрметпен қарамайтын, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады", - деді Құрымбаев брифингте.

Оның сөзінше, бүгінде ұсақ бұзақылыққа 5 АЕК - 17 250 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау түріндегі жаза тағайындалады. Ал жаңа редакция бойынша, айыппұл 20 АЕК - 69 мың теңге және 5-30 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза қарастырылады.

Түзетулер алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro