Қазақстанда қоғамдық орындарда хиджабқа тыйым салу мәселесі қарастырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қоғамдық орындарда хиджабқа тыйым салу мәселесі қарастырылады Midjourney

Қазақстан парламентінде қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қаралуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан парламентінде қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қаралуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісменнің айтуынша, қоғамда діни киім киюге тыйым салу мәселесі туындап отыр.

"Қазір біз үшін ең маңызды мәселе - еліміздің ұлттық мүддесін, ұлттық дәстүрін, ұлттық мәдениетін сақтау. Ал қазіргі жағдайға қарасақ, қоғамда қара киінген қазақтар көбейді. Бұл жағдай болашақ ұлттық мүддемізге елеулі зиян тигізеді", - деді мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, тиісті заң жобасы алдағы сессияда Парламентке енгізіледі.

"Сондықтан біз, депутаттар тобы, осындай заң жобасын дайындадық. Ол күзгі сессияда Парламентке ұсынылады. Менің ойымша, хиджаб, никаб және қоғамда басқа да діни киімдер кию туралы мәселе заңды қабылдағаннан кейін шешіледі. Сонда бәлкім, діни киім (кию – еск.) мәселесін қалай да реттейтін шығармыз", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети