28 шілде 2022 | 17:18

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындары қантпен қамтамасыз етіледі - Үкімет

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сауда және интеграция министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдері қатысқан бизнес субъектілерін қантпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кездесу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сауда және интеграция министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдері қатысқан бизнес субъектілерін қантпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кездесу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Талқылау қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау және қоғамдық тамақтану нысандарының индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.

Қоғамдық тамақтану нысандарына басымдық бере отырып қант жеткізуді ұйымдастыру үшін бүгін, 28 шілдеде, оларға қажетті қант көлемі анықталады. 

Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш аймаққа мың тоннадан аса қант жеткізіледі.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ, Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Қауымдастық пен әкімдіктер қантты беру алгоритмін әзірлейді", - деді кеңес соңында ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 60 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орны қант бағасының өсуіне байланысты банкротқа ұшырауға жақын екені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети