Қазақстанда "көк" статусы барларға жаңа шектеулер енгізу ұсынылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "көк" статусы барларға жаңа шектеулер енгізу ұсынылды Фото © ️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

5 қаңтардан бастап "көк" мәртебесі бар қазақстандықтарға сауда ойын-сауық орталықтарына, банктерге, халыққа қызмет көрсету орталықтарына және Қазпошта бөлімшелеріне кіруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 қаңтардан бастап "көк" мәртебесі бар қазақстандықтарға сауда ойын-сауық орталықтарына, банктерге, халыққа қызмет көрсету орталықтарына және Қазпошта бөлімшелеріне кіруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша профилактикалық шараларды енгізу ұсынылады:

  • сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері;
  • спорт-сауықтыру орталықтары мен фитнес, йога орталықтары;
  • караоке;
  • бассейндер, сауналар, ванналар;
  • банктер;

"Қазпочта" АҚ бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ashyq-та "жасыл" мәртебесі барлар ғана кіре алады", - деді Бүркітбаев Үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды. Шенеуніктің айтуынша, мұның бәрі елдегі эпидахуалдың нашарлауына жол бермейді.

"Вакцина қарқынын арттыру, халықты жаппай ревакциналау, сондай-ақ ұсынылған эпидемияға қарсы шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына жол бермейді", - деді ол премьер-министр Асқар Маминге.

Оның айтуынша, қазір 9,2 миллион адам ревакциналануы керек, оның ішінде 400 мыңнан аса адам ревакцинациядан өткен.

"2022 жылдың бірінші тоқсанында 3,8 миллион адам, екінші тоқсанда 2,6 миллион адам ревакцинациядан өтуі тиіс", - деп қосты ол.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша, күн сайын орта есеппен оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 500 жуық және теріс ПТР тестімен 50 жуық жағдайы тіркеледі.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгінде 15 өңір "жасыл" аймақта орналасқан. Қалған 2 өңір - Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта. Қызыл аймақта өңір жоқ. Репродуктивті сан - 0,96.

Қыркүйектен бастап емделіп шыққан адамдардың саны науқастардан 30 пайызға артқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети