11 маусым 2024 | 12:20

Қазақстанда көкжөтелден өлім жағдайы тіркелді - ДСМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қарағанды ​​облысында көкжөтелден бір адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысында көкжөтелден бір адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтегі брифинг барысында Әлназарова балаларына екпе салған ата-аналар мен екпеден бас тартқан ата-аналар өз шешімінің салдары үшін ортақ жауапкершілікте болуы керек екенін айтты.

"Биыл бүкіл халықтың денсаулығы қандай екенін көрдік. Тіпті соңғы бірнеше жылда вакцина алмаған балалардың шамалы тобынан осындай ауру тарады. Өкінішке қарай, Қарағанды облысында көкжөтелден бір адам қайтыс болды. Сондықтан мен бұл жерде екпе салатын және екпе салмайтын ата-ана ретінде жауапкершілік ортақ болуы тиіс деп санаймын", - деді Ақмарал Шәріпбайқызы.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда көкжөтел 120 есеге өскені хабарланған болатын: Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 2022 жылы көкжөтелдің үш жағдайы тіркелген, 2023 жылы - 393.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети