14 мамыр 2014 | 14:30

Қазақстанда колжетімді баспана кезегіндегілердің саны 80 пайызға өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көп пәтерлі тұрғын үй. Фото Владимир Дмитриев© Көп пәтерлі тұрғын үй. Фото Владимир Дмитриев©

Қазақстанда "Қолжетімді баспана 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар 2012 жылдан бері 80 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Парламент  Мәжілісінің депутаты Талғат Ерғалиевке сілтеме жасай отырып. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда "Қолжетімді баспана 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар 2012 жылдан бері 80 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Парламент  Мәжілісінің депутаты Талғат Ерғалиевке сілтеме жасай отырып. 

"Қолжетімді баспана әрбір қазақстандық үшін қалыпты жағдай болуы керек. Осы мақсатта мемлекет "Қолжетімді баспана 2020" бағдарламасын іске асырып отыр. Бүгінде Аймақтық дамыту министрлігінің дерегі бойынша шамамен 268 мың отбасы баспана кезегінде тұр. 2012 жылы кезекте тұрған азаматтар саны 147 мыңды құраған еді. Бір жарым жылдың ішінде кезекте тұрғандардың саны 80 пайызға артқан", - деді Ерғалиев өзінің ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында. 

Сондай-ақ осы мәселенің маңыздылығы соншалық, аталған салада түрлі манипуляцияға әкелетінін айтты. "Депутаттарға кезектің өте баяу жылжитыны, тіпті мүлде жылжымайтыны туралы азаматтардың наразылықтары айтылып жатады. Кезекте тұрғандардың саны күннен-күнге өсуде. Ал бұлар тек мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болуға құқылы азаматтар ғана", деді депутат. 

Ерғалиев атап өткендей, қазіргі таңда елімізде баспанаға зәру адамдардың саны әлдеқайда көп. Оның айтуынша, қазіргі қарқынды күшейтпесек, бүгінде кезекте тұрғандардың өзі 2020 жылға дейін баспаналы болуы екіталай. 

"Қолжетімді баспана 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 62 миллион шаршы метр тұрғын үй, яғни шамамен 1 миллион пәтер салынбақ. Бірақ осының тек 17 пайызын ғана мемлекет қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Ал кезекте тұрғандардың бәрі осы 17 пайыздан үмітті. Алайда шындығында мемлекет қазір ешқандай құрылыс жүргізіп жатқан жоқ, тек жеке компаниялардан пәтерлер сатып алуда және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" немесе "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ секілді мекемелерге әлеуметтік тұрғын үйлерді салуға тапсырыс беруде", - дейді Ерғалиев.

Депутаттың айтуынша,  баспана мәселесіне бөлінген қаржы өсудің орнына қысқарып барады. Мәселен, 2013 жылы "ҚИК" АҚ капиталына 25 миллиард теңге қаржы құйылуы керек болса, бар болғаны 15 миллиард салынған, 2014 жылы қаржыны 26 миллиардқа көтеру жоспарланса, бар болғаны 14 миллиард қаржы салынды. Яғни, жоспарланған қаржы толық жұмсалмауда.

Осыған орай депутат Үкіметтен жылына бөлінетін мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлердің санын, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі" қызметінің рөлін  қайта қарастыруды өтінді. Сондай-ақ ол барлық құрылыс компанияларының қаржыны тиісті мақсатта тиімді жұмсауын тексеруді және "Қолжетімді баспана 2020" бағдарламасына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуды ұсынды.   

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети