15 ақпан 2024 | 12:25

Қазақстанда көлік жууға және моншаға қанша су жұмсалатыны есептелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Су ресурстары және ирригация министрлігі көлік жууға және моншаға қанша су жұмсалатынын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Су ресурстары және ирригация министрлігі көлік жууға және моншаға қанша су жұмсалатынын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өзіне-өзі қызмет көрсететін көлік жуу орнында бір көлікті жууға жұмсалатын су орташа есеппен 200-250 литр болатынын айтты.

"Егер жүк көліктері мен автобустар туралы айтатын болсақ, шығын 500-700 литрге дейін артады, бұл жыл сайын шамамен 100 миллион текше метр су болады. Монша кешендерінің су тұтынуы жылына шамамен 120 миллион текше метр болады", - деді министр.

Шенеуніктің айтуынша, былтыр Қазақстандағы көліктер саны орта есеппен 18,3 пайызға артқан.

"Көлік жуу, сауна, монша, жөндеу өндірістік кешендері сияқты шағын және орта бизнесте таза суды нақты пайдалануды ескере отырып, су ресурстарын қайта қолдану технологияларын енгізу қажет", - деді Нұржігітов.

Министр жергілікті тазарту құрылыстарына, атап айтқанда, көлік жуу орындарына арналған технологияларды пайдалану орталықтандырылған көздерден таза суды тұрақты қоспай және тұтынбай, суды қайталама және тұрақты айналымға қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети