Қазақстанда көлік қозғалысын басқару орталықтары құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көлік қозғалысын басқару орталықтары құрылады Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құру керек. Орталық міндетіне осы саладағы уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ азаматтардың, мысалы, жол белгілері, жұмыс істемейтін бағдаршамдар мәселесі бойынша шағымдары мен ұсыныстарын қарау кіреді. Үкіметке өңірлер әкімімен бірлесіп, осындай орталықтар құру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке және әкімдерге автобус жолақтарын демалыс күндері де пайдалану мәселесін шешуді тапсырған еді. Ол мұндай тәжірибе Мәскеу, Ыстамбұл және Парижде жиі қолданылатынын айттқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети