Қазақстанда көлік қымбаттап кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көлік қымбаттап кетті Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

2025 жылғы маусымда Қазақстанда жеңіл көліктің бағасы былтырмен салыстырғанда 11,6 пайызға өсті. Бұл - ЕАЭО елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, бұл елдерде орташа өсім небәрі 2,2 пайыз болады. Мұндай ақпаратты Data Hub жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Армения мен Беларусь сияқты ЕАЭО-ның басқа елдерінде бір жыл ішінде көлік арзандаған, ал Қырғызстан мен Ресейде баға 0,2 және 1,4 пайызға ғана өсті.

2025 жылғы бірінші жартыжылдықта көлік бағасы тек Қазақстан мен Ресейде өскен: Қазақстанда 9,3 пайызға, Ресейде 2,8 пайызға.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда көлік қымбаттап кетуіне жаңа көліктер әсер етіп отыр, олар маусымның қорытындысы бойынша жылдық есепте 21,3 пайызға қымбаттаған. Елде ескі көліктер арзандапты.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 6,3 миллионға жетіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети