Қазақстанда көлік нөмірлеріне арнайы элементтер қосылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көлік нөмірлеріне арнайы элементтер қосылды Фото: КазСтандарт

Қазақстанда ұлттық стандарт енгізілді. Оған сәйкес автокөліктердің мемлекеттік нөміріне фальсификациядан (жалған) қорғауға арнайы және қосымша элементтер қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ұлттық стандарт енгізілді. Оған сәйкес автокөліктердің мемлекеттік нөміріне фальсификациядан (жалған) қорғауға арнайы және қосымша элементтер қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазСтандарт" ҚТРМ МТИ баспасөз хатшысы Әсел Есмағанбетованың айтуынша, биыл 1 қыркүйектен бастап ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандарты қолданысқа енгізілген.

"Онда автокөлік нөмірлері мен оларға арналған бланкілерге қойылатын талаптар жазылған, оларда қолдан жасаудан (жалған) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуы керек. Стандарт мемлекеттік тіркеу белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғау элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция қызметкерлері нөмірлердің түпнұсқа екенін тексере алатын бірегей DMC-кодтарын қолдану қосымша қауіпсіздік элементтеріне жатқызылғаны айтылды.

"Арнайы қорғаныс элементтерін нөмірдің бетінен химиялық жолмен немесе физикалық әсер ету арқылы алып тастауға болмайды және ол нөмірде сақталуы тиіс", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

ҚР СТ 986-2022 енгізу өнім өндіру бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайтыны түсіндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети