Қазақстанда көлік салығы алып тастала ма? Бұл туралы редакцияның ресми сауалына Ұлттық экономика министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда көлік салығы алып тастала ма? Бұл туралы редакцияның ресми сауалына Ұлттық экономика министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 2023 жылы көлік құралдарына салынатын салық түсімдері 90,1 миллиард теңге болған.
"Жаңа Салық кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс шеңберінде бизнес-қоғамдастық өкілдері, салық салу саласындағы сарапшылар, экономистер, сондай-ақ көлік салығын қайта қарау мәселесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен отырыстар мен талқылаулар өткізілгенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексін әзірлеу жұмысы аясында көлік құралдарына салық салудың қолданыстағы тетігін өзгерту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - делінген Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Азамат Амриннің қолы қойылған жауабында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!