Қазақстанда көліктер жалған құжаттар арқылы жаппай тіркеуден өткізілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көліктер жалған құжаттар арқылы жаппай тіркеуден өткізілген Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚМА материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден әкелінген көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген адамдар тобын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден әкелінген көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген адамдар тобын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл тұлғалар 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық сыйақы үшін Павлодар облысында 150-ден астам жүк көліктерін бастапқы тіркеуге заңсыз қойғаны анықталды.

"Олар алғашқы тіркеу үшін алым төленгені туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәлімет енгізген. Бұл жайт бастапқы тіркеу үшін төлеуден жалтарып, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам залалға әкеп соқтырды", - делінген хабарламада.

Соттың санкциясы барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" және "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети