Қазақстанда көліктерді әкелуге қатысты жаңа тыйым енгізілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көліктерді әкелуге қатысты жаңа тыйым енгізілді Фото:depositphotos.com

Бүгіннен бастап Қазақстанда көлік құралдарын әкелудің жаңартылған ережелері күшіне енді. Өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) шешімімен бекітілген және ең алдымен жеке тұлғаларға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгіннен бастап Қазақстанда көлік құралдарын әкелудің жаңартылған ережелері күшіне енді. Өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) шешімімен бекітілген және ең алдымен жеке тұлғаларға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді қазақстандықтар пайдаланылған кейбір техника түрлерін және автобустарды елге әкеле алмайды. Мұндай құқық тек Қазақстан мен Еуроодақта жарамды қауіпсіздік сертификаты бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерде ғана сақталады.

Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаковтың айтуынша, бұл шектеу жеңіл автокөліктерге әсер етпейді, тек арнайы техника мен автобустарға қатысты.

Сонымен қатар, осы күннен бастап Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне өзгерістер енді. Енді жеке тұлғалар ЕЭК-тің 2017 жылғы 30 маусымдағы шешімімен бекітілген арнайы тізімге кірмеген көліктерге көлік құралының қауіпсіздік құрылымы туралы куәлік ала алмайды.

Бұл дегеніміз, мұндай көлік иелері кедендік рәсімдеуден өте алмайды, электронды техникалық паспорт рәсімдеп, утиль алымын төлей алмайды және көлікті тіркеуге қоя алмайды.

Қазақстанға жеке пайдалану үшін әкелуге рұқсат етілген көлік түрлерінің тізіміне мыналар кіреді:

  • жеңіл автомобильдер (арнайы медициналық көліктерден басқа);
  • мотоциклдер, мопедтер, мотороллерлер;
  • квадроциклдер, қарда жүретін көліктер, жолсыз жерлерге арналған техника;
  • 12 адамнан аспайтын (жүргізушімен қоса) жолаушылар көлігі;
  • толық массасы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері.

Осылайша, қазақстандықтар енді тек осы тізімдегі көлік түрлерін ғана жеке мақсатта елге әкеле алады. Ал қалған көлік түрлерін тек ресми сертификаты бар бизнес-құрылымдар арқылы импорттауға рұқсат етіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети