Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға рұқсат беріле ме? ІІМ пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға рұқсат беріле ме? ІІМ пікір білдірді Фото:depositphotos.com

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сенат кулуарында журналист министрдің орынбасарына "Қытайда шығарылған көптеген автомобильдің алдыңғы терезесі қараңғыланған. Қазақстанда мұндайға рұқсат берілуі мүмкін бе?" деп сұрақ қойды.

Марат Қожаев ІІМ бұл мәселені қарастырылып жатқаны жеткізді.

"Қазір Ішкі істер министрлігі алдыңғы терезені қараңғылауға тыйым салу тарихын зерделеп жатыр. Мәселені Мәжіліс депутаттары да көтеріп жүр. Кедендік одақ регламенті бар. Онда алдыңғы терезе қаншалықты қараңғылауға тиіс екені жазылған. Бұл жол қозғалысы және Жол жүрісі ережесінің бұзылуы кезінде жүргізуші мен жолаушыны сәйкестендіруде қиындықтың болуына байланысты", - деді ол.

Министрдің орынбасары алдағы уақытта шешім қабылданатынын жеткізді.

"Бүгінде құқық бұзушылықты тіркейтін жаңа техникалық құралдар шығып жатыр. Сондықтан (алдыңғы терезені қараңғылауға рұқсат беру) қаншалықты мүмкін екенін немесе жол қозғалысы, қоғамдық тәртіп қауіпсіздіген зиян тигізетінін зерделеудеміз. Мәселе зерделеніп жатыр, жақында сіздерге сарапшылық қорытындымызды айтамыз", - деді Марат Қожаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети