10 қыркүйек 2024 | 12:08

Қазақстанда колледждерге бөлінетін қаржы көбейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда колледжерге бөлінетін қаржы өседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда колледжерге бөлінетін қаржы өседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіптік білімді реформалаудың экономиканы дамытудағы рөліне айрықша тоқталып, 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялаған.

"Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әлемдегі тенденцияларды және ішкі сын-қатерлерді есепке ала отырып кәсіптік білім жүйесі трансформацияланады", - деді Ғани Бейсембаев.

Сондықтан техникалық және кәсіптік білім жүйесінің қаржылық моделінің жаңартылады.

"Біріншіден, колледждерді қаржыландыру көздері әртараптандырылуы тиіс. Оларға тоқталып өтсем:

  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы;
  • Кадрларды даярлауға мақсатты тапсырыстар беретін жұмыс берушілер;
  • Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының тауарлар мен қызметтерді өндіру есебінен түсетін өз табыстары", - деді министр Үкімет отырысында.

Екіншіден, бұл жан басына шаққандағы нормативке қатысты.

"Ол негізгі және жаңа ынталандыру бөліктерінен тұруға тиіс. Бұл ретте ынталандырушы төлемдер теңдестірілген көрсеткіштер жүйесінің мәндеріне қол жеткізген кезде беріледі. Оны іске асыру кезінде бірінші лигаға жататын техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында мамандықтар тобына байланысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бір білім алушыға 891 мың теңгеден 1,3 млн теңгеге дейін арттырылуы мүмкін", - деді Ғани Бейсембаев.

Министр жалпы колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшерін ұлғайту үшін 2025-2027 жылдарға арналған қосымша қажеттілік көлемі 178,3 миллиард теңге болатынын атап өтті.

"Оның ішінде 2025 жылға – 53,7 млрд теңге керек. Қазір жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің жаңа әдістемесінің жобасы Қаржы министрлігімен бірге пысықталып жатыр. Оның қорытындысы бойынша республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі", - деді ведомство басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети