Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге шегерілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге шегерілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда кейбір коммуналдық қызмет тарифін көтеру кейінге қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кейбір коммуналдық қызмет тарифін көтеру кейінге қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cенбіде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте жиын өтіп, бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралды.

Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болған: 16,1%.

"Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Коммуналдық қызмет тарифін өсіруді ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізілетіні хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course down  589.73  course down  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети