28 тамыз 2023 | 18:08

Қазақстанда көмірдің жаңа бағасы аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов Қазақстандағы көмірдің жаңа бағасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов Қазақстандағы көмірдің жаңа бағасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрар Жолмағамбетовтің айтуынша, көмір бағасы былтырмен салыстырғанда орташа есеппен 15 пайызға, ал кейбір аймақтарда 7-10 пайызға өскен.

"Шұбаркөл бөлінісінде - баға шамамен тоннасына 7 570 теңге, Шұбаркөл премиум - 9 мың теңге, Қаражыра - 9 мың теңге, Майкөбен көмірі - 6 700 теңге. Айта кетейін, өткен үш жылда баға өзгермеген еді", - деді Жалмағамбетов ОКҚ брифингінде.

Комитет төрағасының мәліметінше, бағаның өсуіне инфляциялық процестер, оның ішінде көмір өндірушілер де әсер етеді. Ол басқа елдермен салыстырғанда Қазақстандағы әлеуметтік көмір әлдеқайда арзан екенін атап өтті.

"Қазақстандағы әлеуметтік көмірдің құны ең төмен бағалардың бірі болып саналады. Егер бөліністе ол 7-ден 9 мың теңгеге дейін тұрса, онда пункттердің қашықтығына байланысты баға 25 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ресейде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің құны 35 мың, Қырғызстанда - 45-50 мың теңге, Өзбекстанда - 50-60 мың теңгеге дейін. Шынында да, бізде бағаның өсуі бар, бірақ көрші елдермен салыстырғанда біз әлеуметтік көмір бойынша ең қолжетімді елдердің біріміз", - деп толықтырды Тұрар Жолмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети