13 сәуір 2020 | 11:54

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар туралы не белгілі?

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жаңа науқастарға қатысты деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жаңа науқастарға қатысты деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы жағдайлар Түркістан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тіркелген еді.

Реклама
Реклама

Түркістан облысы тіркелген 7 жағдай бойынша:

Коронавирус 1965, 1987, 1989, 1998, 2004 және 2010 жылғы бір отбасы мүшелерінен анықталды. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылының 1987 жылғы тұрғыны COVID-19 науқастарымен жақын байланыста болған.

Қазіргі уақытта емделушілер оқшауланып, ем алады. Науқастармен байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында тіркелген 1 жағдай бойынша:

49 жастағы науқас, провизорлық стационарда медбике болып жұмыс істейді. Қаулыға сәйкес COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медициналық қызметкер ретінде тексеру кезінде анықталды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылған.
Қазіргі уақытта науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу басталды.

Қарағанды облысында тіркелген 11 жағдай бойынша:

13 сәуірде коронавирусты жұқтырудың 11 жағдайы анықталды. Бұл бұрын COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдар және пульмонологиялық госпитальдің бір науқасы.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 972-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная