Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі 19,6 есе артты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі 19,6 есе артты Фото: Тұрар Қазанғапов©

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 19,6 есе артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 19,6 есе артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда омикрон нұсқасы тез таралып барады. Бүгінде Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел "қызыл" аймаққа өтті. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштер де омикрон штамы таралғанын растайды. Кейінгі айда сырқаттанушылық 19,6 есе артты. Сынама алудың күнделікті көлемі 3,5 есеге артып, бір тәулікке 50 000 сынамадан келеді", - деді Денсаулық сақтау министрлігі басшысы Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, сырқаттанушылыққа  қарамастан, кейінгі тәулікте өлім-жітім 2,5 есеге азайған.

"Соңғы бір айда стационарда ем алып жатқан науқастар саны екі есеге, амбулаториялық деңгейде 5 есе көбейді. Тәуліктік сырқаттанушылықтың 60 пайыздан астамы үш облыста тіркелген. Нұр-Сұлтанда көсеткіш 32 есе артты. Бұл ретте тестілеу деңгейі республика бойынша ең жоғары және күніне 10 мыңнан аса сынақ алынады. Бірақ елорда халқын вакциналау және ревакциналау қарқыны 1,5 есе және 4 есе төмендеді. Алматыда аурушаңдық 8 есеге артты. Вакцинация және ревакцинация қарқыны 1,6 есе және 3 есе төмендеді. Қарағанды облысында ауру 9 есеге артты. Вакцинация және ревакцинация қарқыны 3 және 3,5 есе төмендеді", - деп қосты Ғиният.

Ол барлық сырқаттанушының 60 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына тиесілі екенін айтты. Науқастардың 80 пайызы амбулаториялық ем алып жатыр. 5 пайызы ауыр немесе өте ауыр жағдайда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети