Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 117 адам қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 117 адам қайтыс болды REUTERS©

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 117 адам қайтыс болды, 481 науқастың жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 117 адам қайтыс болды, 481 науқастың жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПТР-талдауы расталған (КВИ+) 96 адам коронавирустан, ПТР-талдауы теріс (КВИ-) 21 науқас пневмониядан қайтыс болған.

Сондай-ақ, 3 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 99 675 адам коронавирус инфекциясынан (92 369 КВИ+ және 7 306 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  21 714 пациент стационарда,
  • 77 961 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1 547 адамның жағдайы ауыр,
  • 481 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 255 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети