18 қазан 2020 | 09:20

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

Фото: elements.envato.com

Елімізде тағы 5 адам коронавирустан және COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде тағы 5 адам коронавирустан және COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда 2 613 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың арасында 125 бала бар. Стационарларда - 2 012 науқас, амбулаторлық деңгейде - 601 науқас бар. 81 адамның жағдайы ауыр, 13 науқас аса ауыр дәрежеде, 13 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 2020 жылғы 18 қазанда тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

"Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 197 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 42 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.

1 тамыздан бергі статистика:

Ауырғандар - 35 914, 381 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 207 жетті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная