Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 139 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 139 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен (КВИ+) 121 науқас қайтыс болды, ал теріс нәтижемен 18 пациент COVID-19 белгілері бар пневмониядан (КВИ -) қайтыс болды.
Сондай-ақ, бір тәулікте пневмониямен ауыратын 421 адам тіркелген.
Сондай-ақ, 19 тамыздағы мәлімет бойынша 121 113 адам коронавирус инфекциясынан (115 764 КВИ+ және 5 349 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 30 286 пациент стационарда,
- 90 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 856 адамның жағдайы ауыр,
- 540 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 265 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!