23 қазақстандық бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.
23 қазақстандық бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.
26 қарашадағы дерек бойынша, коронавирустан 16, пневмониядан 7 адам көз жұмған.
Сонымен қатар, 26 қарашада коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 79 жағдайы тіркелді. Оған қоса 151 адам емделіп шықты.
28 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 056 адам коронавирус инфекциясынан (23 439 КВИ+ және 3 617 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 5 732 пациент стационарда,
- 21 324 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 397 адамның жағдайы ауыр,
- 125 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 84 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!