05 қараша 2021 08:35

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 25 адам қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда бір тәулікте пневмония мен коронавирустан 25 адам қайтыс болды және 155 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

3 қарашадағы жағдай бойынша, COVID-19-дан ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 23 өлім және ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен пневмониядан 2 адам қайтыс болды.

5 қарашадағы мәлімет бойынша 42 630 адам коронавирус инфекциясынан (37 137 КВИ+ және 5 493 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  7 648 пациент стационарда,
  • 34 982 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  538 адамның жағдайы ауыр,
  • 155 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 99 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети