Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 92 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 92 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
2021 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
"26.07.2021 жылы коронавирус белгілері бар пневмонияның 324 жағдайы және 11 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 97 адам емделіп шықты. Коронавирус инфекциясы расталған жағдайлардан 26 шілдеде 81 адам қайтыс болды", - делінген хабарламада.
2020 жылдың 13 наурызынан барлығы: ауырғандар - 60018, 3660 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54211-ге жетті.
Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 28 шілдедегі ақпарат жарияланды.
28 шілдедегі мәлімет бойынша 89 058 адам коронавирус инфекциясынан (86 911 КВИ+ және 2 147 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 24 748 пациент стационарда,
- 64 310 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 500 адамның жағдайы ауыр,
- 319 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 160 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!