Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Марқұмның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады.

"Бүгін бір науқас коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", - деді Қисықова.

50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған.

Отбасы мүшелері мен жұмыс бойынша қызметкерлер қатарындағы 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам байланыста болған, олар үй карантиніне жатқызылды. Сонымен қатар, отбасының екі жақын мүшесінде коронавирустық инфекция тіркелген.

Еске салайық, мұның алдында елімізде коронавирустан 64 жастағы әйелдің қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейнірек әйелдің Алматыға құдалыққа барғаны анықталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 325 адамға жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети