Қазақстанда коронавирустың "Эрис" штамы анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирустың "Эрис" штамы анықталды Freepik

Қазақстанда "Омикронның" бір түрі саналатын коронавирустың жаңа штамы "Эристі" жұқтыру жағдайлары тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Омикронның" бір түрі саналатын коронавирустың жаңа штамы "Эристі" жұқтыру жағдайлары тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, жақында жүргізілген генетикалық зерттеулер Қазақстанда "Эрис" штамы анықталғанын көрсетті.

"Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеп жатқанына қарамастан, өткен айдың қорытындысы бойынша зерттеулер елге "Эрис" штамы енгенін көрсетті. Жалпы, ай сайын елде жаңа штамм таралып жатыр ма, жоқ па, вирустың түрі өзгерді ме, соны білу үшін COVID-19-ға генетикалық талдау жүргіземіз", - деді Ғиният ОҚК-де өткен брифингте.

Ол вирус Қазақстанның барлық аймағында анықталғанын айтты.

"Өткен айда бұл түр жоқ болды деп айтсақ, қазір сынақ нәтижелерінен оны көріп отырмыз", - деді Ажар Ғиният.

Министр "Омикрон" және оның қосалқы түрлерімен сырқаттанушылық жеңіл немесе орташа өтетінін айтты. Бүгінде ауруханаларда COVID-19 диагнозы қойылған 35 адам бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети