Қазақстанда коронавирустың қауіпті мутациялары анықталды ма?

Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елде коронавирус мутациясы тіркелді ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елде коронавирус мутациясы тіркелді ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгінде Қазақстанда жұқпалы ауруға әсер ететін қандай да бір мутация анықталмады.

"Вирус мутацияланды" - әкім орынбасары алматылықтарға үндеу жасады

Реклама
Реклама

"Бүгінгі таңда "Ұлттық сараптама орталығы РМК "Ұлттық биотехнология орталығы" РМК-мен бірлесіп, COVID-19 вирусының 52 үлгісінің генетикалық сипаттамасын толық секвенирлеу (ДНҚ оқу) әдісімен жүргізді. Салыстырмалы талдауға сәйкес, инфекцияға әсер ететін мутация табылған жоқ", - делінген хабарламада.

Комитет мәліметінше, Қазақстанда коронавирустың белгілерін зерттеумен Назарбаев Университеті жанындағы ғалымдар тобы айналысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама