09 қараша 2020 12:43

"Вирус мутацияланды" - әкім орынбасары алматылықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Pixabay.com Фото Pixabay.com

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров "вирус мутацияланғанын" айтып, қаладағы коронавирус жағдайы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров "вирус мутацияланғанын" айтып, қаладағы коронавирус жағдайы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ержан Бабақұмаров 65 жастан асқан егде адамдардан үйде қалып, денсаулығын күтуді сұрады.

"Егде жастағы адамдардың арасында науқастар көбейді - 33 пайыз. Олар ауыр түрімен ауырады және өкінішке қарай, дәл осы жас санатының арасында өлім жағдайы көп. Қазір вакцина мен дәрі жоқ. Кейбір дерек бойынша, Еуропада вирус мутацияланды, - деп жазды ол.

Кейін әкімнің баспасөз қызметіндегілер Алматыда ыстық түсіретін дәрілердің саны жеткілікті екенін атап өтті.

15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойыла ма?

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, алматылықтардың көбі вирусты жұмыста және көпқабатты үйлердің кіреберісінде жұқтырады.

"44 пайызға жуығы осылай жұқтырған. Сондықтан жұмыста өзін күтіп, маска тағып, гигиена сақтап, үйге келген соң қорғаныш құралдарын пайдалансын. Ережелерді бәрі біледі, барлық жерде жазылған. Сондай-ақ кәсіпорын басшылары қызметкерлеріне жағдай жасап, олардың арасында жұқтыруды болдырмауы керек.

Жұқтырудың 18 пайызы үйдің кіреберісі арқылы болып жатыр. Сондықтан сол жерде вирус жұқтырып алмау үшін көпқабатты үйдің тұрғындары мен ПИК-тен санитарлық-эпидемиологиялық тазалықты сақтауды сұраймыз. Бүгінде жұқтырудың 18 пайызы кіреберіс пен лифтте анықталған. Есіктің тұтқасы, баспалдақтың жиегі - бәрін күніне бірнеше рет хлор сумен тазалау керек", - деді ол.

Еске салайық, кейінгі тәулікте (8 қарашада) елімізде 610 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети