Қазақстанда қос азаматтығы үшін 841 адам жазаланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қос азаматтығы үшін 841 адам жазаланды

Қазақстанда 2022 жылы қос азаматтық алғаны үшін 841 адам жазаға тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2022 жылы қос азаматтық алғаны үшін 841 адам жазаға тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қос азаматтықты мойындамайды.

"Өткен жылы қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 138-і сот шешімімен елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Соңғы бес жылда азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 3515 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 3000-ға айыппұл салынып, 473-і елден шығарылған. Барлығынан Қазақстан азаматтығы алынып тасталған.

"Биыл қос азаматтық фактілерінің алдын алу мақсатында басқа азаматтықты қасақана жасыру үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жоспарланып отыр", - деп толықтырды ІІМ.

Ведомство еліміздің азаматтығынан айырылған азаматтың Қазақстан азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны, сондай-ақ заңда белгіленген адамдарға хабарламағаны үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

"Қос азаматтығы бар деректі жасырғаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе елден шығару қарастырылған. Басқа азаматтықты қабылдау кезінде зардаптарды болдырмау үшін басқа елдерге кеткен және басқа азаматтықты қабылдаған Қазақстанның бұрынғы азаматтары 30 күн ішінде Қазақстанның консулдық мекемесіне азаматтықты жоғалтуды тіркеуге өтініш беруі керек", - делінген ІІМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети