11 ақпан 2021 14:05

Қазақстанда көше атауларын өзгертуге қатысты мораторий енгізілмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 1 мамырдан бастап елді мекендердегі көшелерді, аудандарды, алаңдар мен даңғылдар атауын өзгертуге уақытша мораторий енгізу жоспарланып отыр. Ұсынысты премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссия отырысында мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Санақты сапалы өткізу үшін комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктер құру, жою және қайта құру туралы ұсыныстар бойынша және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атауға қатысты 2021 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығына мораторий енгізу орынды ма, деген мәселені қарады", - делінген арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша хабарламада.

Бірінші вице-премьер ұсынысты мақұлдап, Ұлттық статистика бюросына Президент әкімшілігіне тиісті хат жолдауды тапсырды.

Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне шағын аудандар, қала аудандары, алаңдар, даңғылдар, бульвар, көше, тұйық көшелер, саябақтар, гүл бағы, көпірлер және басқа да бөліктер жатады.

Бұған дейін Қазақстанда онлайн халық санағы бір айға ерте басталатыны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети