Қазақстанда "көшеде жылап тұратын бала" туралы қорқынышты хабарлама тарап жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney нейрон желісі арқылы жасалған сурет Midjourney нейрон желісі арқылы жасалған сурет

WhatsApp мессенджерінде қыздар мен әйелдерге ескерту жазылған хабарлама тарады. Мәтінде далада қолына мекенжай жазылған қағаз ұстап, жылап тұратын бала туралы айтылған. Олар жалғызбасты қыздар мен әйелдерден үйге жеткізіп салуын сұрайды, ал шын мәнінде оларды қылмыскерлер ұясына апаратыны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

WhatsApp мессенджерінде қыздар мен әйелдерге ескерту жазылған хабарлама тарады. Мәтінде далада қолына мекенжай жазылған қағаз ұстап, жылап тұратын бала туралы айтылған. Олар жалғызбасты қыздар мен әйелдерден үйге жеткізіп салуын сұрайды, ал шын мәнінде оларды қылмыскерлер ұясына апаратыны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

"Көшеде жылап тұрған балалардың қыздарды қаскүнемдерге ертіп апаратыны туралы хабарламалар алғаш рет Желінің ағылшын тілді сегментінде 2005 жылдың басында, яғни 18 жылдан аса уақыт бұрын шыққан. Ол кезде мәтін SMS-хабарлама түрінде тараған. 2010 жылғы ақпарат қазіргі хабарламаға ұқсайды, бірақ ол әртүрлі тілдерде тарады. Онда мекенжай жазылған қағаз ұстап тұрған бала көрсеңіз, оны тікелей полицияға апару керек екені туралы айтылады", - делінген хабарламада.

2015 жылы хабарлама Ресей мен Қазақстанға жетті. Екі елдің Ішкі істер министрліктері ақпараттың фейк екенін және мұндай жағдайлар еш жерде тіркелмегенін хабарлады.

2017 және 2021 жылдары хабарламаны ресейлік пайдаланушылар қайта тарата бастаған. Оны ІІМ тағы да теріске шығарып, бұл оқиға интернеттегі қорқынышты әңгіме деп мәлімдеді.

Портал мәліметінше, тараған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro