Қазақстанда көшеде вейп ұстағандар тоқтатылып, қайдан алғаны сұрала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көшеде вейп ұстағандар тоқтатылып, қайдан алғаны сұрала ма? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жақын арада Қазақстанда вейпті таратуға және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен заң талаптарын орындамағандар қалай анықталатыны сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел жұмыс, бізде ол заңды негізде. Барлық тетік бар", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Журналистер "қазақстандықтарды көшеде тоқтатып, олардан вейпті қайдан алғаны сұрала ма" деп нақтылау сұрағын қойды.

"Керек болса, табамыз", - деп қысқа жауап берді Сәденов.

Еске салайық, Қазақстанда вейп әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Тиісті заңды 24 қаңтарда Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети